22
декабрь
2023
"Түрлі-түсті фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу" тақырыбында ашық сабақ
«Сарапшылар»тобының онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 декабрь күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Б.Оспанова 6 ә сынып оқушыларымен "Түрлі-түсті фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Мақсаты: Табиғи және жасанды тоқыма материалдарының қасиеттерін зерттеу.Тоқу өнерін игеру. Сабақты мұғалім " Қағазбен оркестр" ойыны арқылы оқушылардың сабаққа бейімделуін, көңіл -күйдің көтеруімен бастады. Тоқыма материалдарын және оның қасиеттерін зерттеу, дағдыларын білу критерилері бойынша тапсырмалар орындады.
Қыздар ілмекпен тоқу өнерін меңгеруде екі іліп алуды шеберлікпен көрсетіп, бұйымдар тоқуға дайын екенін көрсетті