
20.12.2023ж 11-20 декабрь аралығында ББЖМ-ге арналған "Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек"атты онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес математика пәнінің мұғалімі А.А.Джарылкапова "ББЖМ - ге дайындық барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту " тақырыбында практикалық семинар өткізді. Мақсаты - әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу. Семинардың бағдарламасы негізінде ББЖМ-ға дайындық барысында математикалық (логикалық ойлау) сауаттылығын дамыту жүйелері көрсетілді. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды.