Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасалды
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың март айында 6-сынып білімалушылармен тарих пәні мұғалімі П.Е Батырбекова Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасалды. Экскурсия барысында музейдің бөлім-жетекшілері музейде қандай мамандар жұмыс жасайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және ауданымыздың тарихына тоқталып, музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағлұмат берді.