09
қазан
2023
1- сыныпта «Қазақтың ұлттық тағамы» тақырыбында тәрбие сағаты
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-қазан күні 1- сыныпта «Қазақтың ұлттық тағамы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлттық тағамдарды пайдалана отырып, балаларға құндылықтарды және тағамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды ұлтжандылыққа, көргенділікке, терең ойлай білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.Сабақ басында «Шын жүректен» әдісі арқылы оқушылар жүрекшені ұстап, бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектерін айтты.
« Мағынаны тану» кезеңі арқылы слайдтағы суреттерге назар аударып, не бейнеленгенін, ол заттың маңызын сипаттау арқылы оқушы пікірі тыңдалды.
Мұғалім оқушыларға қай халықтың болмасын дастарханы, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет — ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ұлттық тағамдардың түрлерін, қайдан алынатынын жақсы білетіндіктері туралы түсіндіріп өтті. «Бұл қандай тағам?» ойыны арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді.