
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 "Ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға жақсы денсаулықың, жан-жақты дамудың кепілі - дұрыс тамақтану екенін ұғындыру. Сабақ барысында оқушылар алған ақпараттар бойынша пайдалы және зиянды тағамдардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы топтық, жұптық жұмыс жүргізді. Тамақтану ережесін құрастырды. Нәтижесінде тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізетінін түсінді. Сынып жетекшісі: Ердалиева Арай