«Айгөлек» сауықтыру лагерінде «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» деген тақырыппен мектебіміздің түлегі, жас маман Байсалова Құралаймен кездесу өтті.. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айгөлек» сауықтыру лагерінде «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» деген тақырыппен мектебіміздің түлегі, жас маман Байсалова Құралаймен кездесу өтті..
07
маусым
2022

«Айгөлек» сауықтыру лагерінде «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» деген тақырыппен мектебіміздің түлегі, жас маман Байсалова Құралаймен кездесу өтті..

№22 жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру лагерінде «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 
Үлкен арман керек екен адамға» деген тақырыппен мектебіміздің түлегі, жас маман Байсалова Құралаймен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты адам өмірінде мамандықтың алатын орны, мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Балалардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Кіріспе сөзімізді атақты ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен бастадық
Ісім оңсын десеңіз.
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз. деген екен. Ендеше, мамандық таңдау-өте жауапкершілікті талап ететін маңызды іс екенін айтты. Кеш қонағы жас маман Байсалова Қ. бала кезгі армандары мен бөлісіп, алдағы жоспарларында сөз етті. Аса қызығушылықпен балалар қонағымыздың дайындап келген «Бала- Құралайдан,Ұстаз-Құралай» деген бейнеролигін тамашалады. Сонымен қатар кеш барысында«Сұрақ бізден-жауап сізден» тақырыбында қонағымызбен пікірлесу өткізілді. Кеш соңында балаларға тілектер білдіріп, ойларын қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынылды.