«Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы
11
сәуір
2022

«Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы

         Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің 20.05.2021 жылы №459//1-5-6-78/1707-И-Д кіріс нұсқауына сәйкес, жариялаған балалар жылы аясында, 11-15 сәуір аралығында «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы аясында, Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТаға инспекторы полиция майоры, мектеп инспекторы Е. Тупековтың қатысуымен «Полицей –дос және қорғаушы» тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен дәріс өткізілді. Білім алушыларға құқықтық сананың негізгі ережелері, түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуі, зиянды заттар, соның ішінде электронды темекіні пайдаланбау, жол ережесі, қауіпсіздік шаралары, бөтеннің мүлкіне қол сұғуға болмайтындығы, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары мен оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ескертті. Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау барлығымыздың басты мақсатымыз деді.


       "Мен және менің полицейім" тақырыбында сынып жетекшілер 3-4сынып білім алушылары арасында түсіндірме жұмыстары мен дәріс сабақтары ұйымдастырылып өткізілді. Акцияның мақсаты-кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау,азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру,сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету көзделді. 


      "Полицей дос және қорғаушы" тақырыбында мектеп инспекторы Е.А.Тупеков,сынып жетекшілер 5"а",6,7-сынып білім алушылары арасында қоғамдық орындарда және көшелерде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндірме оқыту сабақтары ұйымдастырылып өткізілді.