15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
19
мамыр
2019

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

      15- мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.  Жиналысқа жалпы 1-10 сынып ата-аналары қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Атап айтқанда  «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі», «Абай бол! Терезе», «Баланы интернеттен қорғау», «2016-2018 жылғы ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» аясында бейнероликтер көрсетілді. «Баланы интернеттен қорғау» тақырыбы бойынша ата-аналарға  «Қауіптің алдын алып, балалардың интернеттегі жұмысын пайдалы ету үшін ата-аналарға ақыл-кеңес: Балаларыңыздың «әлемдіктордағы» іс-әрекетінмұқиятқадағалапотырыңыз: балаңызды  Интернетте «Емін-еркін» жібермеңіз. Баланың Интернеттегі қарым-қатынасына, әсіресе меңгеру кезеңіне белсенді қатысуға тырысыңыз. Балаңызбен Интернеттіңар қасындақандай жаңалық білгені туралы сөйлесіп отырыңыз және Интернеттің қауіптілігі жөнінде әңгімелеуді ұмытпаңыз» деген кеңестер берілді. Сонымен қатар балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық деп қортындылады. Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларын ортаға салып баланың өміріне бейжай қарамау керектігін ұғынды.