Астана –ұлтымыздың рухани ордасы. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Астана –ұлтымыздың рухани ордасы.
05
желтоқсан
2018

Астана –ұлтымыздың рухани ордасы.

№22 жалпы білім беретін мектебінде 

2018 жылдың  5-желтоқсанында «Астана –ұлтымыздың  рухани ордасы»  тақырыбында өткізілген әдеби музыкалық  кеш  туралы

Хабарлама

 2018 жылдың  5-желтоқсанында  «Астана –ұлтымыздың  рухани ордасы»  тақырыбында әдеби музыкалық  кеш  өткізілді. Әдеби кеш  көркем жетекшісі Жумалиев Е.Ж. ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты Астан қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыру, Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу болып табылды.

Әдеби кеші  «Астана» әнімен Нұржан Айым орындады. 

Жүргізушілер Астана туралы мағлұмат бере отырып, өз нақышына келтіре білді.

2 «а», 2»ә», 6,7- сынып оқушылары әдеби монтаж арқылы Астана туралы өлең жырларын арнады. 

«Астана» өлеңін хормен орындады.

Кеш барысында  Астана қаласының көрнекті  жерлерімен  таныса отырып,  оқушылардың  бойында Отанға, туған жерге деген  патриоттық сезімдері қалыптасты.

Әдеби кештің соңы  Шамшидин Мұқағали мен Нұржан Айымның  орындауында «Нұр Астана» әнімен аяқталды.