1-қыркүйек » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2021

1-қыркүйек

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 қыркүйек - Білім күніне орай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу- тәрбие процесі білім алушылардың интелектуалдық,патриоттық, рухани – адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идиологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асыру мақсатында мектепте 2021-2022 оқу жылында 1 қыркүйек – салтанатты жиыны «Кел, балалар, оқылық!» атты тақырыпта өткізілді. Салтанатты жиын Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен ашылды. Мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы  мектеп ұжымын, ата-аналарды,  1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты  салтанатты жиында  құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.О.Сұлтанбекова орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті.
Салтанатты  жиынға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Зеткулов Қуат Есболатұлы  және Аудандық  маслихат депутаты Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы  қатысып, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін  білдіріп, "Әліппе" табыс етілді.
Мектебіміздің өнерлі оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отаным Қазақстан», «Ұстазым», «Оқуда озат боламын» атты әндерін  тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің 11-сынып түлегі Қонысбай Дина мен  1сынып білім алушылары  Серік Дамир мен Жатқанбай Нұртасқа берілді.
Сонымен қатар 2-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттары болып, саяхат-сабақ, викторина-сабақ, сайыс-сабақ, музыкалық ойын-сабақ, әңгіме, көрме, фильмдер көру (слайд, композиция); пікірталастар тартымды да қызықты ұйымдастырылып өткізілді.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова