«Ғажайып ертегілер елінде» » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғажайып ертегілер елінде»
28
қаңтар
2021

«Ғажайып ертегілер елінде»

22 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Ғажайып ертегілер елінде» саяхат мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары мен халық ертегілерінің  бала дүниетанымын  қалыптастырудағы рөлі  аса зор. Ол ұрпақтан ұрпаққа    таралған  мол  мұра. Бұларды  халқымыз  күні  бүгінге  дейін  ұрпақтан- ұрпаққа  ауызша жеткізіп  келеді . Ертегіден  халқымыздың  ертеңге  деген  сенімі  мен  арман тілегін, қиялын, даналығын  ғасырлық  өмір тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай  түрін алсақта ол баланың  ой қиялын ұшқырлығын  күшейтеді, мінез  құлқын, ерік жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні  оқытуда оның  жанрлық  ерекшелігін  ескеріп тәрбиелік  мақсатына айрықша  көңіл  бөлгеніміз жөн. Ертегі арқылы  баланы  жақсылыққа, батылдыққа мейірімді  болуға  ұйретеміз, қиялын  ұштаймыз. Қазақ  ертегілерінің  тарихы тереңде жатыр. Жай ақыл айтумен  шектелгеннен гөрі, баланы  ертегі  арқылы  тәрбиелеу әлдеқайда  тиімді. Олар ертегідегі батырларға, жағымды кейіпкерге көп еліктейді. Бала  кейіпкердің  жағымсыз  әрекетінен бой  тартып, жақсылыққа  кұмартады. Ертегінің  әр жақты  сырын  қызықты,  тартымды,  бала  санасына  лайықтап  жеткізу  шынайы  шеберлігіне тікелей  байланысты.