дарынды балалардың шығармашылығын креативті ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткізілген іс-шара » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » дарынды балалардың шығармашылығын креативті ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткізілген іс-шара
30
сәуір
2019

дарынды балалардың шығармашылығын креативті ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткізілген іс-шара

2019 жылғы жылдық жоспарға сай № 22 жалпы білім беретін  мектебінде  дарынды  балалардың   шығармашылығын креативті ойлау қабілетін  арттыру мақсатында өткізілген  мектеп оқушылары арасында   «Мен ғажайыппын» атты  тақырыпта 2019жылдың 9 сәуір күні дамыту сабағы мен 2019 жылдың 15 сәуір күні оқушылар арасында эссе байқауы өткізілді.Дамыту сабағына 15 оқушы қатысты.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.”Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай,Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысуда дарын балалардың креативті ойлау қабілетін арттырудағы мұғалім жұмысы төмендегідей болды.
 Сабақ «комплименттер айтайық» жаттығуымен басталды. Дарын балалар бір біріне жағымды комплименттер     айтып, көңіілдерін көтеріп алды.
Балалар «Мен кіммін» жаттығуы арқылы өздерінің мінез-құлқымен қатар болашақтағы арман  тілектерін, мақсаттарын жазып бір- бірімен бөлісті.
«Сәулетшінің өнері» әдісі арқылы белгілі уақытта берілген тапсырма бойынша пікірін қағазға түсіріп, жоба жасайды, жұбымен талқылайды.Топта пікір алмасып, сабағымыз сәтті өтті.
Қорытындылай келе ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарамай, және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алып, диагностикалық әдістерді біліп, дарынды оқушыны анықтауда жұмысты жандыру қажет.Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жүргізуіміз керек.Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөліп,дарынды оқу оқу жағынан емес, тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызатынын аңғарып, сол бағытта жұмыс жасауымыз қажет деп есептеймін.