"Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы" тақырыбында адалдық сағаты » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы" тақырыбында адалдық сағаты
22
қаңтар
2021

"Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы" тақырыбында адалдық сағаты


N22 жалпы білім беретін мектебінде қаңтар айының 22-күні 1-10сынып білім алушыларымен "Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы" тақырыбында кезекті  адалдық сағаты ұйымдастырылып өткізілді .  Адалдық сағатында Шәкәрім  Құдайбердіұлының адалдық құндылықтарына негізделген шығармашылығымен кеңірек мағлұмат беріліп, таныстырылды. Қазақстанның жастары ,Қазақстанның байлығы .Жас ұрпақ білімді ,зейінді, тәрбиелі, парасатты болып тәрбиеленуі ел үшін айырықша екені анық.Ең алдымен атамыз адам бойындағы адал қасиеттерін жырлап өткен.Қазақ қауымы адал еңбек етіп,бойларына асыл қасиеттерді сіңіру керектігін ойға салған.Өз заманының озық ойлы ғұламасы "Адамзаттың бәрін сүй""деген Абай тағлымымен сусындап өскен.Бүкіл адамзатты бауырмашылдыққа шақыру деген тағылымды жоғары ұстап өткен. Шәкәрімнің бай мұрасының адамзат үшін рухани құндылығын түсіну жас ұрпақ үшін парыз. Шәкәрім өз ұлтын сүйгіш,адам бойындағы қасиеттерін  де 
жырға қосып кеткен. Әр адам өз еңбегімен жетістіктеріне жетуін қалады.  Жастарды ғылым,білімге үйретті. Өмірде ақиқат, шындық, білім,ғылым іске асады деп жазған. Ақын жастарға ұзақ толғауы өлеңдері білім алып жүрген жастарға темірқазық. Адам құлқының құлы болмай адамдық борыш ар үшін қызмет ет деп өсиет айтқан. Кәзіргі заманда да Шәкәрімнің өсиеттері өз құндылығын жоғалтпай сөз өнерімен ықпал етіп,айтқан тұшымды ойлары жас жеткіншек үшін маңызын жоймайтыны хақ!