Өнегелі 15 минут
Ұлттық құндылық — ұрпаққа аманат №22 жалпы орта білім беретін мектептің 1 «А» сынып оқушысы Ақылжан Балауса әжесімен бірге өнегелі 15 минутын қазақтың ұлттық қолөнеріне арнады. Әжесі мен немересі бірге отырып, ою-өрнекпен көмкерілген әдемі төр көрпе тікті. Тігу барысында әжесі әр оюдың мән-мағынасын, шығу тарихын түсіндіріп, ұлттық нақыштағы әрбір өрнектің терең тәрбиелік, рухани мазмұнын немересіне жеткізді. Бұл — тек көрпе тігу ғана емес, ұлт болмысына, өнер мен тәрбиенің байланысына құрылған