17
мамыр
2022
Ата-аналарға жаднама
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!
Естеріңізге саламыз!!!
Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.
Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:
- Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз, тротуардан шықпаңыз.
- Көшеде жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.
- Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.
- Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.
- Қоғамдық көлікте қолыңызды немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.
- Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:
- Жазғы уақыттағы жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуына шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз ыңғайлы жер таңдалуы керек.
- Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.
- Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.
- Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу қажет.
- Балалардың суда ойнауына жол бермеу керек.
Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:
Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.
- Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б. босатыңыз.).
- Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.
- Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар.