22 наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22 наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар.
11
наурыз
2022

22 наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар.

22 наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары



№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 22-наурыз іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында сынып жетекшілер,ата-аналар ұйытқы болуымен бастауыш сыныптар арасында "Наурызым мерекем,Наурызым берекем"атты бата тілектер сайысы  ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап  ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру көзделді.Балалар бата тілектерін бала тілдері мен өте тамаша жарыса айтып,мерекенің сәнін келтірді. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Барыс  жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол Мереке құтты болсын! ДТІЖО:П.Е.БАТЫРБЕКОВА

1-4сыныптар арасында "Наурыз кәдесі","Наурыз қоржын"атты ұлттық нақыштағы ойыншықтар көрмесі


№22жалпы орта білім беретін мектебінде 22-наурыз іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында сынып жетекшілер ұйытқы болуымен 1-4сыныптар арасында "Төрлет,төл мереке Әз Наурыз"тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды.
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.Бүгінгі  "Төрлет,төл мереке Әз Наурыз » атты мерекелік думанымызды ашып беру сөз кезегі мектебіміздің директоры Е.Е.Сейдалиев ағайға берілді.
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін деп Шашу шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛЫП мереке кеші көңілді басталды.Өнерлі балалар 
Ән мен күйді төгіп,Қыдыр баба келіп батасын беріп,ұлттық салт-дәстүр тұсау кесу рәсімі көрсетілді.
Барыс жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Мереке құтты болсын!ДТІЖО П.Е.Батырбекова


Камзол шеруі



 "Әр отбасынан бір ағаш челленджі