28
ақпан
2022
Діни эктремизнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында 5-11сынып білім алушылары арасында
"Діни сауаттылық -қоғамның негізі"тақырыбында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты:білім алушылардан өмірде ислам дінінің алатын орны қандай екенін және діни сауаттылықтарының артуына ықпалы зор болуға тәрбиелеу.
№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда. Осы орайда "Терроризм мен діни экстремизмнің қаупіне қарсы тұрудың мәселелері мен болашағы"тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.Жиналыста сондай-ақ қазіргі таңда қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар мен күресу,сақтану жолдары турасында өзара пікірлерін ортаға салынып,бейнесюжеттер де көрсетілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың ақпан айының 10-күні терроризм мен әр түрлі дағдарыстық оқыс оқиғалар жағдайындағы мінез-құлық қағидалары бойынша мектеп білімалушылары мен барлық ұжымның дайындығын дамыту мақсатында оқыту жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Сағат 10.30-да мектеп бойынша дабыл соғылып,мектеп ғимараты ішіндегі барлық дерлік адамдар арнайы ережелерге сай қауіпсіз жерге шығарылды Сондай-ақ түрлі дағдарыстық,оқыс оқиғалары кезінде адамның өзін қалай ұстап,қандай ережелерге сүйену керектігі мен қатар жаднамалар таратылды.Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында іс-шараға жауапты маман АӘД пәнінің мұғалімі Қ.Б.Даутов өткізді.
№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2022жылдың ақпан айының 28-күні "Қыз Жібек"қыздар клубы іс-шаралар құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы іс-шара аясында жетекші Қ.Қ.Сатқұнова 8-11сынып білімалушылары арасында"Хиджаб кию сән бе,әлде парыз ба?"атты
пікірталас ұйымдастырылып өткізілді.Сондай-ақ қазіргі таңда қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар мен күресу,сақтану жолдары турасында өзара пікірлерін ортаға салынып,бейнесюжеттер де көрсетілді.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде тағатты тәрбиеге және жастардың теріс пиғылды діни идеологияны тұрақты қабылдамауын қалыптастыруға бағыттауы туралы 9- сынып оқушылармен арнайы көрсетілім сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға дін жайында слайдтар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың сәуір айының 7-күні дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мамбетов Ақтөре Сағынұлы 9-10сынып білім алушылары арасында"Мемлекет және дін"тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараға 23 оқушы қатысты. Мақсаты:Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік,құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып оларды террорлық,лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу,білім алушылардан өмірде ислам дінінің алатын орны қандай екенін және діни сауаттылықтарының артуына ықпалы зор болуға тәрбиелеу.Іс-шара барысында оқушыларға"Дін дегеніміз не?","Әлемде қандай діндерді білесіңдер?","Экстремизм мен терроризм дегеніміз не?"деген ортақ сауал тасталынып, білімалушылар өзара пікірлерін білдіріп,сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.Сондай-ақ "Діннен адастырар ағымдар"," Діни терактілер хронологиясы" видеороликтері көрсетіліп,қоғамға жат қылықтардан аулақ болу керектігі туралы кеңірек мәліметтер берілді.Іс-шара алға қойған мақсаттарына жетіп, қоғамға жат қылық лаңкестіктен аулақ болу керектігін ұғынып, бейбітшілік маңызын да ұғынды.



№22 жалпы орта білім беретін мектебінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 20 сәуірінде 5-8-сынып білім алушылары "Діни экстремизмге жол жоқ!" тақырыбында шығарма жазды. Шығарма жазуға аталған сыныптардан 76 оқушы қамтылды. Шығарма қорытындысы бойынша 6-сынып білім алушысы Қайсарқызы Толғанайдың шығармасы үздік деп
танылды.