18
ақпан
2022
“Қызға қырық үйден тыйым"тақырыбында 8-10 сынып қыз балаларымен сыр-сұхбат алаңы ұйымдастырылып өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылдың ақпан айының 18-күні қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру бағыты бойынша және ерте жүктіліктің алдын алу іс-шара жоспарына сәйкес “Қызға қырық үйден тыйым"тақырыбында 8-10 сынып қыз балаларымен мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева,ДТІЖО П.Е.Батырбекова,сынып жетекшілер Ж.М.Болатбекова, В.А.Нұрлыбаева қатысуымен сыр-сұхбат алаңы ұйымдастырылып өткізілді.
Адамға деген мейірім бала кезден,ең жақын адамын сүюден басталады.Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын,туыстарын,
ұстазын сыйлап,қадірлей білуді үйретсе,болашақта одан елін,жерін,халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,балаларын жақсы көретін қамқор ана,нәзік ару шығары сөзсіз.Ертеңгі ана,бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.Халқымыз “Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күннен тыю” деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған.Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы ғана жауапты емес бүкіл ауыл,ру жауапты болып тұр.Сондай-ақ қазіргі таңда белең алған ерте жүктілік қыз баласын физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес екенін,ерте жүктіліктің ауыр асқынуларға әкеліп соқтыратынын ескерту керектігі де баса айтылды.Қорытындылай келе халқымыздың игі дәстүрінің бірі қыз баланы құрметтеу,
олардың дөрекі сөйлемей,ізетті болу екені мәлім.Сол себепті өсіп келе жатқан қыздарымызды дұрыс тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.
Өнерге,мәдениетке,өткен тарихқа,отаншылдыққа тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы,негізі болуға үйрету.Қыз бала алдында қоғамның,елдің алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын санасына құю нақты міндет екенін ұғындыру көзделді.