«Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті
09
ақпан
2026

«Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті

🔰№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2026 жылдың ақпан айының 9-күні «Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында ұлдармен кездесу өтті. Мектепте құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Мәжбүрлі неке – қылмыс» тақырыбында жоғары сыныптың ұл балалармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мәжбүрлі некенің заңға қайшы әрекет екені, оның адам құқықтарын бұзатыны және қолданыстағы заңнама аясында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ отбасылық құндылықтар, ер азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі, қыз баланың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу мәселелері талқыланды