13
ақпан
2026
“Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
22 жалпы орта білім беретін мектебінде“Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау құндылықтарын дәріптеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.Жиналыс барысында сталкинг ұғымына түсінік берілді. Сталкинг – бір адамды оның еркінен тыс қудалау, үнемі хабарлама жазу, аңду, мазасын алу, қорқыту әрекеттері. Мұндай іс-әрекеттер адамның психологиялық қауіпсіздігіне зиян келтіретіні және заң алдында жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қыздарды немесе әйелдерді қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, еркінен тыс алып қашу (қалыңдық ұрлау) – құқыққа қайшы әрекет екені айтылды. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан да ерекше бақылауға алынғаны атап өтілді.
Ата-аналарға:
Балалармен ашық әңгіме жүргізу;
Құрмет, теңдік, келісім (келісімсіз қарым-қатынас болмайтыны) туралы түсіндіру;
Әлеуметтік желідегі қауіпсіздікке көңіл бөлу;
Құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру ұсынылды.
Жиналыс барысында қыз балалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, ұл балаларды жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу – отбасы мен мектептің ортақ міндеті екені айтылды.