Мектебімізде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Балаңа уақыт арна» тақырыбында отбасылық форум өтті. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Балаңа уақыт арна» тақырыбында отбасылық форум өтті.
06
ақпан
2026

Мектебімізде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Балаңа уақыт арна» тақырыбында отбасылық форум өтті.

«Балаңа уақыт арна» отбасылық форумыМектебімізде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Балаңа уақыт арна» тақырыбында отбасылық форум өтті.Іс-шара көрермендер жиналған соң, «Көрмелер керуенімен» және «Домбыра» үйірмесінің жетекшісінің бастауымен күй тартылып, 8 «Ә» сынып қыздарының орындауында «Шашу» биімен ашылды.
Форумның кіріспе сөзін мектеп директоры Қасымова Сауле Асанқызы сөйлеп, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен балаға бөлінетін уақыттың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара барысында:
«Бала тілі бал» балабақшасының тәрбиеленушілері тақпақтарын оқып, 4-сынып оқушысы Қадырбек Ануар «Бабалар ұраны» әнін, 4, 5, 8, 9-сынып білім алушылары мәнерлеп оқу ұсынды. 4,5,6 сынып білім алушлары «Ана» хорын, «Әке мен бала» тәрбиелік көрінісі көрермен назарына ұсынылып, өнерлі Қадырбековтар отбасы өз өнерін ортаға салды.
Форумға арнайы қонақ ретінде
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылысбаев Байсейіт Сабырұлы, аудандық билер кеңесінің төрағасы Өзбеков Медербек Көшенұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Татықұлова Қайнаркүл Оспаналықызы, аудандық, округтік аналар кеңесінің төрайымдары мен орынбасарлары,ақсақалдар кеңесінің мүшелері,
ата-аналар комитетінің төрайымы Орынтаева Гульнара Токбергенқызы,
ардагер ұстаздар Әдбенова Доғдыркүл, Койайдарова Токтагуль Койшиевна, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ маман-психологі Темірбай Аружан, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының психологі Ширинхан Әсет Нұржанқызы, ауған соғысының ардагері Шолпанқұлов Ержан Диханалыұлы қатысты.
Форумға арнайы келген қонақтар бала тәрбиесі, отбасы жауапкершілігі, ұрпаққа үлгі болу жайында мазмұнды ой-пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында ауылдың қадірлі ақсақалы Тоқберген ата ақ батасын беріп,
ұрпақ тәрбиесіне арналған ізгі тілегін арнады. Бата — шараның рухани түйіні болып, көпшіліктің жүрегіне жылу ұялатты.
Шара соңында мектеп психологы қатысушылармен «Құмыра» тренингін өткізіп, ата-аналарға бала тәрбиесінде мейірім, сабыр және уақыттың маңызын терең сезіндірді.