3-4 сынып оқушыларымен АӘД пәні мұғалімімен бірлесіп «Қыс мезгіліндегі жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3-4 сынып оқушыларымен АӘД пәні мұғалімімен бірлесіп «Қыс мезгіліндегі жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
25
желтоқсан
2025

3-4 сынып оқушыларымен АӘД пәні мұғалімімен бірлесіп «Қыс мезгіліндегі жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

2025 жылдың желтоқсан айында 22 жалпы орта білім беретін мектептің 3-4 сынып оқушыларымен АӘД пәні мұғалімімен бірлесіп «Қыс мезгіліндегі жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қыс мезгілінде жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу.АӘД пәні мұғалімі оқушыларға қысқы ауа райының қауіпті жақтары (мұз, көктайғақ, боран) туралы айтып, жолда қалай қауіпсіз қозғалуға болатыны жөнінде кеңестер берді:
- Жолдан өтерде алдымен тоқтап, жан-жаққа қарау;
- Көлік келе жатқанда жүгіріп өтпеу;
- Мұзда тайғанап құламау үшін арнайы аяқ киім кию;
- Қар немесе боран кезінде жарық киім немесе жарық шағылыстыратын элементтер тағу;
- Ата-анасыз жалғыз ұзақ жолға шықпау.
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін жаттап, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап түрінде қорытындыланды.