№22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтар және ата-аналармен жиналыс өтті. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтар және ата-аналармен жиналыс өтті.
18
желтоқсан
2025

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтар және ата-аналармен жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтар және ата-аналармен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры С.Касымова мектепте сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастырып, мектепте жүйелі бақылауды күшейтіп, егер құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда қатаң шаралар қолданылатындығын айтып өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №2249 хатының негізінде Жаңа жылға байланысты білім алушыларға, ата-аналарға, педагогтарға жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында барлық қызметкерлермен мектепте жаңа жылдық безендіруге, сыйлыққа ақша жинамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынатындығы туралы ескертулер жасалды. Сонымен қатар, білім беру ұйымының қызметкерлеріне Жаңа жылдық (корпоратив) білім беру ұйымында, мейрамханаларда өткізуге тыйым салынды.