Педагогтерді конкурспен жұмысқа қабылдау
2025 жылдың 25 желтоқсан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрықтарымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in сайтында конкурс жарияланды. Аталған бұйрықтың 113 тармағына бос «Балбөбек» шағын орталығына тәрбиеші лауазымына Дүкенбаева Гүлбану Қанатқызы құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткерлердің құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде «Балбөбек» шағын орталығына тәрбиеші лауазымына үміткер Дүкенбаева Гүлбану Қанатқызы 8 бал алғандығы анықталды. Комиссия мүшелері бос «Балбөбек» шағын орталығына тәрбиеші лауазымына Дүкенбаева Гүлбану Қанатқызын тағайындауға мектеп директоры С.Касымоваға ұсыныс берілді.