КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21
қыркүйек
2022

КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату туралы қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ - нің 2012 жылғы 12ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес №22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша  конкурстық комиссияның 3 - отырысы өткізілді. Оған бос және уақытша бос лауазымдық орындарға тағайындауға өтініш ұсынған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогіне 3 үміткер қатысты. Әңгімелесу кезеңінің барысында хаттамамен рәсімделіп, педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген үміткермен комиссия мүшесі кәсіби - педагогикалық қауымдастық жұмысты қалай жүргізетіні туралы ой қозғады. Конкурстық комиссия мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жұмыс бағыттары мен міндеттері, баланың әлеуметтік процесін ұйымдастырушы, жоспарлы әрі мақсатты жағдай жасайтын мамандық екенін түсіндірді. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің бағалау парағындағы критерийлері бойынша жинаған ұпайы, оның ішінде кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері мен қоғамдық -  педагогикалық қызметі ескеріле отырып, комиссияның шешімімен 7 ұпай жинаған үміткер  Контаева Әсел Зиятқызына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына қабылдау туралы мектеп директоры Е.Е.Сейдалиевке ұсыныс берілді. 

Похожие публикации:

19 қыркүйек 2022 КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
15 қыркүйек 2022 КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
08 қыркүйек 2022 КОНКУРС!!!