26
маусым
2025
2025 жылдың 26 маусым күні «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері аясында тәрбиелік бағыттағы «Дәмді әрі тез» мақал-мәтелдер жарысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қазақтың мақал-мәтелдері арқылы ұлттық тәрбие беру, сөздік қорын байытып, тапқырлық пен шапшаңдыққа баулу.
Жарыс барысында қатысушы топтар 4 кезең бойынша өзара сайысты:
1. «Мақалды жалғастыр» – мақалдың жалғасын тез әрі дұрыс айту;
2. «Көрініспен мақал» – мақал-мәтелдің мазмұнын шағын сахналық қойылым арқылы жеткізу;
3. «Мақалға сәйкес сурет» – берілген мақалдың мағынасын суретпен бейнелеу;
4. «Ашық сұрақ» – мақалдардың мағынасына байланысты сұрақтарға жауап беру.
Шараға 5-6 сынып оқушыларынан құралған топтар белсене қатысып, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Балалар мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп қана қоймай, оларды өмірмен байланыстыра отырып жеткізе білді.
Жеңімпаз топтар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.