02
маусым
2025
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 02.06.2025 жылы оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, мектеп жанындағы “Айгөлек” жазғы лагерінің “Алтын балалық шақ” тақырыбында ашылу іс шарасы ұйымдастырылды. І
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 02.06.2025 жылы оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, мектеп жанындағы “Айгөлек” жазғы лагерінің “Алтын балалық шақ” тақырыбында ашылу іс шарасы ұйымдастырылды. Іс шараға мектеп директоры Б.Т.Бектурганов қатысып оқушыларға ыстық лебізін білдіріп, 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бүгінгі балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Лагеріміздің өнерлі тынығушылары “Біз бақытты баламыз!” атты әсем әуендермен ,”Көңілді Флешмоб” билерін билеп көңіл көтерді. Сонымен қатар балалар мерекесіне орай мектеп алаңына тынығушылардың көңілін көтеру мақсатында асфальтқа сурет салу ұйымдастырылып, балғын балапандарға тәтті балмұздақ таратылды.