СӘУІР-ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ 2025 жылы сәуір айының 28-күні “Біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай білім алушылардың татулық » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СӘУІР-ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ 2025 жылы сәуір айының 28-күні “Біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай білім алушылардың татулық
30
сәуір
2025

СӘУІР-ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ 2025 жылы сәуір айының 28-күні “Біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай білім алушылардың татулық


СӘУІР-ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
2025 жылы сәуір айының 28-күні
“Біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай білім алушылардың татулық , ынтымақтастық ,бірлік туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен тыныштығын нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында “Достығымыз жарасқан, Қазақстан” фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, сайысқа қатысатын оқушылаға сәттілік тіледі. Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір, бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады. Осы орайда 1 сынып- қазақ, 3а-сынып- өзбек, 3ә-сынып түрік, 5- сынып орыс ұлты, Украина 6 сынып, 7 а Кәріс ұлты, 7ә-сынып өзбек, 8а-сынып Грузин, 8ә сынып Татар, 9-сынып қырғыз ұлты
10 сынып үнді ұлты қатысты.
Фестиваль бағдарламасы:
1. Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің таныстырылымы
2. Әр ұлттың ұлттық биі мен әні
3. Ұлттық тағамдар көрмесі болып ІІІ кезеңнен тұрады.
Кезеңдер 5-10 балл аралығында бағаланады.
Фестиваль барысында қатысушы сыныптар өздеріне тиесілі ұлттардың тарихы, өнері, салт-дәстүрі бағытында тыңғылықты ізденіп, үлкен даярлықпен келгендерін көрсете білді. Нәтижесінде “Мерейлі ұлт”, “Шығармашыл ұлт”, “Еңбекқор ұлт”, “Өнерлі ұлт” номинацияларымен марапатталды.