23
сәуір
2025
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2025 жылдың 22-сәуір күні” Біртұтас тәрбие бағдарламасы “ аясында “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”айы шеңберінде бастауыш сынып оқушыларымен «Абай сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында танымдық сағаты
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2025 жылдың 22-сәуір күні” Біртұтас тәрбие бағдарламасы “ аясында “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”айы шеңберінде бастауыш сынып оқушыларымен «Абай сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармаларымен таныстыра отырып, оның нақыл сөздері мен өлеңдеріндегі тәрбиелік мәнді түсіндіру, оқушылардыңьбойына адамгершілік, еңбекқорлық, мейірімділік, білімге құштарлық сияқты ізгі қасиеттерді дарыту. Танымдық сағатының барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірбаяны, оның “Ғылым таппай мақтанба”, “Жаз”, “Күз” атты өлеңдері және нақыл сөздерімен танысты. Әр шығарманың тәрбиелік мәні түсіндіріліп, оқушылар өз ойларын айтып, өмірмен байланыстыра білді. Оқушылар «Бес нәрсеге асық бол — талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» және «Адам болам десеңіз – бес нәрседен қашық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» деген Абай нақыл сөздерінің мағынасын талдап, жақсы мен жаман қасиеттерді ажыратуды үйренді. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі арқылы білім алуға, еңбекқор болуға шақырудың маңызын түсінді. “Жаз” және “Күз” өлеңдері арқылы табиғат пен адам өміріндегі еңбек пен тәртіптің байланысы көрсетілді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, сұрақтарға белсенді жауап берді. Кейбір оқушылар Абайдың өлеңдерінен жатқа үзінді оқыды. Оқушылар Абай атаның дана сөздерінен өмірлік үлгі алды, жақсы қасиеттерді бойына сіңірудің маңызын ұғынды.
#біртұтас_тәрбие
#медетбекова Меруерт