08
сәуір
2025
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып білім алушыларымен 8-сәуір күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес “Әжемнің ертегілеріне саяхат! “ атты танымдық сағаты өткізілді
№22 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып білім алушыларымен 8-сәуір күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес “Әжемнің ертегілеріне саяхат! “ атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты:
Білім алушыларға ертегі әлемі, ертегілердің түрлері туралы түсінік беру. Ертегі тыңдауға, айта білуге үйрету. Әженің ертегісі арқылы ертегіге деген қызығушылықтарын, ой-қиялдарын дамыту. Ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни халықтың сан ғасырлық тәлімінің ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе», – деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиелеу ісінде алар орны ерекше. Сондықтан да, ертегі мазмұнының негізгі бағыты «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді» насихаттауға бағытталды. Жанат әжеміз келіп, балаларға әжелік ақылын айтып, қызықты ертегі айтып берді.
#біртұтас_тәрбие #даналық мектебі#медетбекова меруерт