07
сәуір
2025
Спорт және көркем эстетикалық пәндер"онкүндігінің аясында мектептің әлеуметтік педагогы, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Оспанова Гульзия 5-6 сынып білім алушылар арасында " Кемпірқосақтың түсі қандай " атты интеллектуалды ойыны өтті.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде "Спорт және көркем эстетикалық пәндер"онкүндігінің аясында мектептің әлеуметтік педагогы, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Оспанова Гульзия 5-6 сынып білім алушылар арасында " Кемпірқосақтың түсі қандай " атты интеллектуалды ойыны өтті.Мақсаты: білім алушыларға бейнелеу өнерінің негіздерін, түстер мен реңтің бояуы, түрлі өнер түрлерінің танымын арттыру. " Кемпірқосақтың түсі қандай " атты интеллектуалды ойынында балалар топқа бөлінді. Ойын төмендегі бөлімдерден тұрды: 1.сұрақтарға жауап ,2."Суретшілердің әлемі",3.Шығармаларды сәйкестендіру, 4." Кемпірқосақтың түсі қандай " сурет салу бөлімі болды. Балалар байқауға жақсы дайындалып келгендерін көрсетті Олар салған суретті жасанды интеллект арқылы мультфильм көргендей тіріліп, ойнап кеткенін көріп қуанды.