
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 1 наурызында “Жаратылыстану-математикалы пәндер” бірлестігің айлық жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімі Сман Мадина 7 “А” және 7 “Ә” оқушыларының үздік оқушыларымен “XIX ғасыр көшбасшысы” атты интеллектуалды ойын өткізді. Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар физика пәнінен білімдерін сынап көрді. Сайыс нәтижесінде қатысушыларды “Алғыс хатпен” және сыйлықтармен жеңімпаз оқушы Жанұзақ Даянаға “Диплом” және 2000теңгелік сертификат табысталды. Ойын тартысты және қызықты өтті.