
2024 жылдың 25 қаңтар күні ББЖМ-2024 нәтижелерімен ақпараттандыру мақсатында 9 сынып оқушыларымен физика пәнінен «Физика пәнінен ББЖМ-ге дайындық кезінде есептер шығару жолдары» тақырыбында шебер сабақ өткізілді. Сабақты физика пәнінің мұғалімі Сман Мадина жүргізді. Слайд арқылы оқушыларға мәліметтер беріліп, есеп шығарудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен таныстырылды. Физикадан есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер қандайда бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан олардың оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көре білуді дарытуда үлкен маңызы бар. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады.