“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ
21
наурыз
2025

“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ

“21 НАУРЫЗ ЫНТЫМАҚ” КҮНІ

«Біртұтас Тәрбие» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндік жоспарына сәйкес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, түрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара сыйластықты арттыру мақсатында 21 наурыз «Ынтымақ күні»-не орай «Наурыз-береке мен бірліктің бастауы» тақырыбында “Даналық мектебі” әжелерінің қатысуымен наурыз мерекесіне орай іс-шара өтілді.

Мерекелік іс-шара барысында әндер шырқалып, әдемі билер орындалды. Әндер наурыз бен бірлік тақырыбында болды, бұл көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Би қойылымдары да түрлі салт-дәстүр көрсетіліп,мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

Сонымен қатар, апайларымыз арнайы көрініс дайындады. Бұл көріністе халықтың ынтымағы мен достығын көрсететін оқиға сахналанды. Көрініс арқылы татулықтың маңызы, адамдар арасындағы сыйластықтың құндылығы көрініс тапты.

Осылайша, Ынтымақ күніне арналған мерекелік бағдарлама барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен бірліктің маңызын айқындай түсті.