17
ақпан
2025
"Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз"
Мектепте интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында "Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз" тақырыбында педагогтармен кіші қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта алаяқтар түрлі әдістермен жеке тұлғалардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. Олардың бірі – телефон арқылы хабарласып, банктік немесе басқа да қызметтерді ұсыну арқылы адамдардың жеке шоттарының деректерін сұрау.
Телефон арқылы алаяқтық әрекеттер:
- Белгісіз нөмірден келген қоңырауларға жауап бермеген жөн.
- Егер сізге қоңырау шалып, жеке шот нөміріңіз немесе басқа құпия ақпаратты сұраса, бұл алаяқтық болуы мүмкін. Банк қызметкерлері немесе басқа да заңды мекемелер ешқашан телефон арқылы сіздің жеке мәліметтеріңізді сұрамайды.
- Белгісіз нөмірден келген қоңырауға жауап бергенде, ешқашан жеке ақпараттарды айтпаңыз, әсіресе банктік шотыңыздың нөмірі, PIN-код немесе басқа да құпия мәліметтеріңізді.
- Егер қоңырау барысында күмәнді әрекеттер байқасаңыз, қоңырауды тоқтатып, банктің ресми нөміріне қоңырау шалып, жағдайды тексеріңіз.
- Ресми қызметтер тек белгілі және сенімді байланыс арналары арқылы жұмыс істейді.
- Сізге келген хабарламаларды немесе қоңырауларды мұқият тыңдап, күмәнді жағдайда ешқашан нұсқауларды орындамаңыз.
- Құқық қорғау органдарына хабарлау:
- Егер сіз алаяқтық әрекетке ұшыраған болсаңыз немесе осындай әрекеттерді байқаған болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына немесе банкке хабарласыңыз.
- Алаяқтықтың алдын алу үшін бұл ақпаратты өз отбасыңызбен, достарыңызбен бөлісіңіз.