25-қазан Республика күні » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25-қазан Республика күні
22
қазан
2024

25-қазан Республика күні

25-қазан Республика күні
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы "шеңберінде
Республика күніне орай іс-шара жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда. Осы жоспар аясында 22 қазан күні "Отаным-баға жетпес байлығым" атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік іс-шара мектеп директоры Б.Т.Бектургановтың құттықтау сөзімен ашылды. Сонымен қатар Сарымолдаев ауылдық округі апаратының әскери тіркеу маманы Умербеков Нурболат Алиханұлы мерекелік іс-шарамыздың қадірлі қонағы болды. Іс-шараға қатысушылар мектеп әкімшілігі,
ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Болатбекова Мейрамкул және сынып жетекшілер, оқушылар қатысты Мерекелік концертте "Домбыра" үйірмесінің шәкірттері "Адай" күйін тартса, 3 "а" сынып оқушылары "Көк байрағым" атты хор, 5 сынып оқушылары би билеп көрермендерге паш етті. Іс-шара мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу көзделді.


сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DBiM1e0sNHC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




​​​