"Әлем анамен әдемі" атты мерекелік кеш » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әлем анамен әдемі" атты мерекелік кеш
12
наурыз
2024

"Әлем анамен әдемі" атты мерекелік кеш

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында 2024жылдың наурыз айының 7-күні "Әлем анамен әдемі "тақырыбында ДТІЖО П.Е.Батырбекова 9-сынып жетекшісі А.Қ.Бакеева жетекшілігімен мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуде отбасы құндылықтарын дәріптеу, білімалушылардың ана еңбегін бағалау,оларға деген құрмет сезімдерін ояту,анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,сонымен қатар. ананың өлшеусіз еңбегін бағалау,қастерлей білуге тәрбиелеу көзделді.Іс-шараны мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев құттықтау тілегін аналармен, ұстаздарға ,қыздарды құтықтап өтті.Кеш қонағы зейнеткер ардагер,ұстаз Абденова Доғдыркул апайымыз өз кезегінде жүректен шыққан жылы лебізін білдіріп кетті.Мерекелік кешті 5-сыныптың ару қыздары "Көңілді күн "биімен ашып берсе," "Ана"хоры "Үкілі домбыра "үйірме оқушылары мен бастауыш сынып оқушылары мерекелік көңіл сыйлады. Сондай-ақ 6-сынып және 7-сынып әнші қыздары "Анашым",Аяулы ана" әннен шашу шашып,"Көңілді шар"," Қазақ елі " биі тамаша көңіл күймен мерекелік кештің ажарын ашса 9-сынып оқушылары Нүрсәт пен Ерасыл "Анашым"әнін тартулады.Ана-тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы екенін, жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытқан аналар екенін жеткізу,анаға деген бала махаббатын ояту көзделді.Кеш өте тамаша болды. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі дей келе,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын !