05
сәуір
2024
«Дін және мәдениет» тақырыбында түсіндіру жұмыстары
Дін саласындағы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкері Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы. С.Джамалов «Хазар» Әзірбайжан этномәдени бірлестінің төрағасы №22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024жылдың сәуір айында «Дін және мәдениет» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жоспар аясында ұйымдастырылып өткізілді. Дін саласындағы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкері Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы :
Дін мен мемлекет арасындағы зайырлылық ұстанымының аясы мен қызметтері, тарихи, болмыстық қатынасы, қолдану тетіктері ғылыми теориялық, практикалық жағынан көрініс табуы үшін Қазақстан Республикасы өзіндік зайырлылық концепциясы мен діни білім беру жүйесін жаңғыртып қайта қалыптастыруды орындады.
Ал заң жүзінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»,-делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары. Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылып қорғалатыны туралы толық мағұлмат берілді.