"Бауырсақ пати" » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бауырсақ пати"
14
наурыз
2024

"Бауырсақ пати"

"Бауырсақ пати" байқауы өтті.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс- шара жоспары аясында 22 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бауырсақ пати" байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру. 1-10 сынып білім алушылары бауырсақтың бірнеше түрімен таныстырып, мектеп оқушыларын, ұстаздарын Наурыз мерекесімен құттықтап,бауырсақтан дәм ауыз тиюге шақырды.Ұлттық тағамдары
мызды дәріптеп молшылық пен тоқшылық болсын деп баталары мен тілектерін айтты.