14
ақпан
2024
"Құқықтық тәрбие- құқықбұзушылықтың алдын алу "айлығы аясында "Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары"тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024жылдың ақпан айының 14-күні "Құқықтық тәрбие- құқықбұзушылықтың алдын алу "айлық жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында 7-сынып білімалушыларымен сынып жетекшілер "Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары"тақырыбында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін білімалушыларға түсіндіру,құқықтық сауаттылық пен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Іс-шараға аудандық СӨСҚО дәрігері Әдешова Халбүбі Жексенбиева ,директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова, 6-7сынып білім алушылары,сынып жетекшілер Нұржанқызы Асел мен А.Байтемирова ,мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева сағатта қатысқан балалардың барлығы өздерінің дарындылығы мен шығармашылықтарын көрсете білді.Сондай-ақ тәрбие сағатында білім алушылар өздеріне берілген ситуациялық сұрақтарды түрлі түсті қағаздарды қолдану арқылы ашты және де өз ойларын толық жеткізе біліп , сергіту жаттығуын орындау мен өте тамаша аяқталды . Қорыта келгенде адам ұрпағымен ұлы,еңбегімен ерен,келешегімен кемел болса,мұның мөлдір бастауы,алтын тамыры-тәлім тәрбие ісінде екені даусыз.
ДТЖО:П.Е.Батырбекова
ДТЖО:П.Е.Батырбекова
