Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ","Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны", "Ерте жүктіліктен сақтану ережелері" тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған мамандармен кездесу » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ","Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны", "Ерте жүктіліктен сақтану ережелері" тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған мамандармен кездесу
18
қаңтар
2024

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ","Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны", "Ерте жүктіліктен сақтану ережелері" тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған мамандармен кездесу

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қаңтар айының 18-күні қыздарға рухани-адамгершілік тәрбиеберу іс-шаралар жоспары құрылып ,өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ","Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны", "Ерте жүктіліктен сақтану ережелері" тақырыбында 8-11 сынып қыздарына арналған мамандармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық орталық ауруханасының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің психолог мамандары Сатымбаева Дина,Рысбай Жадыра,Екпінді Фап акушері Дүкенбаева Гулнар қатысты сонымен қатар АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция лейтенанты Маңызқызы Арна,мектеп медбикесі У. Мырзабаева да ат салысты. Кездесу барысында қыздарға пайдалы ақпараттар жазылған жадынамалар таратылды, медициналық және заң жағынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді, психологиялық кеңестер берілді. Жасөспірімдік кезеңдердегі денсаулықтағы құбылыстар, жеке бас гигиенасы, ер бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас, ерте жастағы жүктілік, түнгі уақытта жүру, ойын-сауық орталықтарынан табылу, түрлі жерлерде жұмыс жасау, кәмелеттік жасқа дейінгі ата-ананың жауапкершілігі, заңмен қарастырылатын жағдайлар, қолданылатын жаза түрлері жайында сөз қозғалды . Сондай-ақ кездесу барысында әр сала мамандары оқушыларға жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің туралы, оның қауіптілігін, қалай сақтануға болатындығын слайд, видеоролик көрсете отырып, аталған барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді. Барлығы 41 оқушы қатысып, әр түрлі өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.
ДТІЖО:П.Е.Батырбекова