Ата-аналар қолдау орталығы мен қатар "Даналық мектебі" «Жеңгелер мектебінің»іс шаралар жоспарына сәйкес :"Қызы бар үйдің жеңгесі бар "сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар қолдау орталығы мен қатар "Даналық мектебі" «Жеңгелер мектебінің»іс шаралар жоспарына сәйкес :"Қызы бар үйдің жеңгесі бар "сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
13
желтоқсан
2023

Ата-аналар қолдау орталығы мен қатар "Даналық мектебі" «Жеңгелер мектебінің»іс шаралар жоспарына сәйкес :"Қызы бар үйдің жеңгесі бар "сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді.

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 2023 жылында Ата-аналар қолдау орталығы мен қатар "Даналық мектебі" «Жеңгелер мектебінің»іс шаралар жоспарына сәйкес : "Қызы бар үйдің жеңгесі бар "сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында
қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,
адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру.
Іс-шараға
- Мектеп ДТІЖО: П.Батырбекова
- Әжелер клубының жетекшісі:К.Торежанова
Жеңгелер мектебінің жетекшісі С.Ы.Жундибаева
- Ата аналар комитетінің төрайымы:
- Дарибаева Б. Қыз балалардың әжелері,жеңгелері,аналары,
6 –8 сынып қыздары қатысып өз ойларын ортаға салды.
Барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Баяндама
ІІІ. Жеңгелерден шеберлік сағаты(қамыр жаю,шаш өру,салат жасау)
ІҮ.Кім кінәлі (жағдаятты шешу)
V.Пікірлер алмасу. (видео көрсету)
VІ.Қорытындылау
Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары, бүгінгі «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» сырласу кешіне қош келдіңіздер!Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ деп Даналық мектебі мүшелерінің қатысуымен өте әсерлі тамаша аяқталды.