«Жомарт түлек»акция аясында Кылышбаева Азима Құралханқызымен ZUM арқылы кездесу » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жомарт түлек»акция аясында Кылышбаева Азима Құралханқызымен ZUM арқылы кездесу
29
қыркүйек
2023

«Жомарт түлек»акция аясында Кылышбаева Азима Құралханқызымен ZUM арқылы кездесу

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 2023 жылы «Жомарт түлек»акция аясында бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен Екпінді ауылының аяулы қызы,мектебіміздің түлегі Кылышбаева Азима Құралханқызымен ZUM арқылы кездесу өтті.Жобаның мақсаты: Елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибесімен бөлісу,
Азима Құралханқызы Меркі ауданы,Екпінді ауылында 1990 жылы дүниеге келіп 1997-2008 жылдар аралығында мектепте оқыған.2008 жылы Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының "Музыкалық білім" мамандығына оқуға түсіп,2012 жылы аяқтаған.Қазіргі уақытта,Жамбыл ауданы,Аса ауылындағы"Сәуле" бөбекжай-бақшасында музыка жетекшісі болып қызмет атқарады.
Ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Азима жетістікке жету тәжірибесімен және туған ауылы туралы естеліктерімен бөлісті.Сонымен қатар бейне көрсетілім арқылы өзінің жұмыстағы жетістіктерімен бөлісіп,білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Біз өз тарапымыздан кездесуге қатысқан қонағымызды тыңдап, туған мекені туралы ұмытпағандары, жас жерлестерімен ой бөлісіп, оларды үлкен жетістіктерге ынталандырғаны үшін алғыс білдірдік. Осынау ұрпақтар сабақтастығы әрі қарай да сақталуы тиіс екенін баса айттық.