01
ақпан
2019
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Батырбекова Перуза Елубайқызы 1974 жылы 6 желтоқсанда тәтті ауылында дүниеге келді. Отбасында 7 ағайынды. №13 М.Мәметова атындағы орта мектепті аяқтап, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтқа оқуға түсті.Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Шу қаласы Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы мектеп интернатқа тәрбиеші болып жұмысқа қабылданған. Бұл жерде 1 жыл жұмыс істеп, 1997 жылы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектепте еңбек пәні мұғалімі болып орналасқан.
2003 жылы Екпінді ауылындағы "Екпінді" бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2002 жылы Тараз қаласына Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, 2005 жылы аяқтаған.
2009 жылы №22 орта білім беретін мектепте тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап ДТІЖО қызметін атқарады.
Тұрмыста. 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр.