

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 27- тамыз күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №1отырысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік отырысында бірлестік жетекшісі Шабикова А. Ж. өткен оқу жылына талдау жасап, " 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Атап айтсақ, "Еңбекке баулу" пәні 2022-2023 оқу жылынан бастап, тек 1-сыныптар үшін "Көркем еңбек" оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады. Бірлестік отырысында күнтізбелік жоспарлар мен курс тақырыптары талқыланып, бекітуге ұсынылды