27
қараша
2021
Елбасының “Елдіктің жеті тұғыры” атты жас ұрпаққа үндеуі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев “Нұр Отан” саяси кеңесінің отырысында “Мәңгілік ел” идеясын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. “ Елдіктің жеті тұғыры ” болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи мүдде.
Осы тұрғыда №22 жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының “Елдіктің жеті тұғыры” атты жас ұрпаққа үндеуімен педагогикалық ұжымды таныстыру мақсатында 27 қарашада кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Мектеп директоры Ербол Есеналыұлы Сейдалиев үндеуде көрсетілген Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт- дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек және прагматизм тарауларына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету табысқа жетудің ұтымды жолы дей келе, оқушылардың санасына осыны сіңіруіміз керек дегенді атап өтті. “Бірлік пен келісім – елдігіміздің айнымас тұғыры”, - деп сөзін түйіндей келе, Елбасы жария еткен қағидаттарға үн қосу міндет екеніне тоқталды.