29
қаңтар
2026
“Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ “ жобасы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аманов М.Н. 2-сынып оқушыларымен «Гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
22 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ “ жобасы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аманов М.Н. 2-сынып оқушыларымен «Гимнастикалық және акробатикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қимыл қозғалыс, икемділік, тепе-теңдік сақтау дағдыларын дамыту, гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларды орындау қабілеттерін арттыру, топтық жұмысқа дағдыландыру. Оқушылар түрлі кезеңдерде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұптасып алдыға аунау, шпагатқа отыру, көпірге (мостик) тұру , бір қырымен айналу, қарлығаш бейнесін салып тепе- теңдік сақтау жаттығуларын орындады.Сабаққа қатысқан барлық оқушылар белсенділік танытып, ынтамен қатысты. Сабақ соңында кері байланыс жасалынды.