29
қаңтар
2025
" Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 29- қаңтар күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Аманов М.Н. ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінен "Дене жаттығуы кезінде ағзаның өзгеруі"
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу және 1-4-сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31-қаңтар аралығындағы аудандық " Сапалы білім- тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 29- қаңтар күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Аманов М.Н. ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінен "Дене жаттығуы кезінде ағзаның өзгеруі" тақырыбында 2- сыныппен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтау. Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту. Сабақ барысында тиімді әдіс - тәсілдер , қозғалмалы ойындар, "Аңшылар мен қояндар" ойынын қолданып топтық жұмыс жүргізілді.
