«Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді
30
қаңтар
2026

«Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді

https://www.instagram.com/reel/DUK_nf8DJ3W/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 30-қаңтар күні аудандық «Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына аясында бастауыш сынып мұғалімі Шабикова А.Ж. 3-4-сынып оқушылары арасында «Поэзия әлемінде» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың тілдік және оқу сауаттылығын дамыту, поэзия туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы кітапқа, өлең оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өлеңді мәнерлеп оқуға және мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге баулу. Байқау барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре, дауыс ырғағын сақтай отырып оқыды. Бұл іс-шара оқушылардың мәдени тәрбиесін жетілдіруге, көркем әдебиет пен кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар әдеби жанрлар туралы білімдері кеңейіп, ой-өрісі мен дүниетанымы дамыды, сөздік қоры молайды, сөйлеу мәдениеті мен қиялы шыңдалды. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылар оқудың игілікті жақтарын түсініп, әдеби шығармалардан жағымды әсер алды. Байқау олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, мәдени-коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, поэзия әлеміне деген қызығушылықтарын нығайтты. Байқаудың нәтижесі бойынша І орынды-2 оқушы, ІІ орынды - 4 оқушы, ІІІ орынды - 4 оқушы иеленді.

Похожие публикации: