20
қаңтар
2025
"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 20 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен «Зәмзәгүл әжейдің қызықты ертегілер әлемінде» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы және 1-4-сынып білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-31-қаңтар аралығындағы аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы іс- шаралар жоспарына сәйкес 20 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімі Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен «Зәмзәгүл әжейдің қызықты ертегілер әлемінде» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ертегілерімен тереңірек таныстырып, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және ұлттық мәдени құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.
«Зәмзәгүл әжейдің қызықты ертегілер әлемінде» – бұл балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қазақ халқының мәдени құндылықтарын насихаттауға бағытталған тәрбиелік-танымдық шара. Бұл іс-шара барысында балалар ертегілер әлеміне еніп, түрлі кейіпкерлермен танысты, викториналарға қатысып, ертегілерді сахналады және әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады. Шараның негізгі мақсаты – балаларға ертегілер арқылы ізгілік, батылдық, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру және олардың қиялын дамыту.
Іс-шараға мектеп кітапханашысы, мұғалімдер және оқушылар қатысып, қазақ және әлем халықтарының ертегілерінен үзінділер көрсетіп, сурет салу және қолөнер бұйымдарын жасау сияқты тапсырмалар орындады.
Бұл іс-шара оқушыларға қызықты әрі танымды әсер қалдырып, олардың ұлттық рухани мұраға деген қызығушылығын арттырды.